АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара-Шымкент тасжолында қауын тиелген жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлай ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін сағат 12.20-да Хромтау ауданы, «Самара-Шымкент» тасжолының 872-ші шақырымында автокөліктің қауын тиелген тіркемесі өртенді. Жалынды сөндіруге ТЖД-нің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен 2 адам, Әскерилендірілген апаттық құтқару қызметінен 3 адам және 1 автокөлік жіберілді. Өрт сағат 14:05-те ауыздықталды», - деп хабарлады облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметінен.
Қазір өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.