13 ақпан сағат 11.00 шамасында «Самара-Шымкент» автожолының 619-шақырымында төрт автомашинаның қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
«Рено» маркалы авто таситын көліктің жүргізушісі жол және метеорологиялық жағдайды ескерместен жолдың тайғанақ бөлігінде алдында келе жатқан «Рено» жүк көлігіне барып соғылған.
Қатты соққыдан автотасымалдаушы «Рено» кенет қозғалыс бағытын өзгертіп, қарсы жолақта келе жатқан «Мерседес» жүк көлігіне соғысады.
Салдарынан дене жарақатын алған «Мерседестің» жүргізушісі Хромтау ауданындағы орталық ауруханаға жеткізілді.