АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара - Шымкент тасжолының Ырғыз ауданы аумағында жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жүк көлігінің жанып жатқаны туралы хабарлама өрт сөндірушілерге жеткізілді.
«Шақыртуға аудандық өрт сөндіру бөлімінен 4 адам мен техника жіберілді. Оқиға орнына келген бойда жүк көлігіндегі тіркемеде 22 тонна мақтаның жанғаны анықталды. Өрт үш сағатта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ» деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.