Самара-Шымкент жолының учаскесін қар басып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңыздағы автожолдардың тағы ір учаскесі: сағат 23:10-нан бастап «Самара-Шымкент» автожолында (773-842-ші шақырымдар, Белогорка кенті-Дөң кенті) автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.
Бұдан бұрын 17:00-ден бастап - «Солтүстік айналма» жол (0-39-шы шақырымдар); 20:00-ден бастап «Ақтөбе-Астрахань» (11-330-шы шақырымдар, Ақтөбе қаласы- Атырау қаласы); 20:05-тен бастап «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (3-257-ші шақырымдар, Қандыағаш қаласы-Шалқар қаласы) жолдарының учас керелрі жабылған болатын.
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайты хабарлады.