Самбодан әлем чемпионаты 2024 жылы Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл шешім Халықаралық самбо федерациясының конгресінде қабылданды. Еліміз бұған дейін дүниежүзілік доданы 2005 жылы қабылдаған еді. Ол жолы қазақстандық балуандар 1 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдеге ие болған.
Қзаақстандық балуандар1992 жылдан бері әлем чемпионатына үздіксіз қатысып келеді. Бүгінге дейін 26 мәрте жоғары тұғырдан көрінді.
Биыл әлем чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына алғашқы медаль түсті. 54 келі салмақтағы Гүлдана Әлмұхамбетова қола жүлде үшін өткен белдесуде былтырғы әлем чемпионы Алена Купаваны (Беларусь) жеңді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.