Самокат жүргізушілері нені білуі тиіс

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы мопедке теңестірілетін самокатпен қай жерлерде, қандай жылдамдықпен жүруге болады және оларға қандай талаптар қойылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол қозғалысытуралы» заңға сәйкес мопед – бұл жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтынэлектр қозғалтқышы бар екі немесе үш дөңгелекті көлік. Оған велосипед, скутер жәнеұқсас сипаттамалары бар басқа да көліктер жатады. Соның ішінде электр самокат мопедтерге теңестірілген. Аталған көліктіжүргізетін адамдар, жол қозғалысы ережелерін білуі және оны бұзбауы тиіс. Электр самокатты он алты жастан асқандаржүргізе алады. Алайда, жүргізуші куәлігі талап етілмейді», - делінген Алматықаласының Әкімшілік полиция басқармасының жолдаған хабарламасында.

Мопедтердіңқозғалысына қосымша талаптар белігіленген. Мопедтер велосипед жолымен жүреді.Жолдың оң жақ шетінде және маршруттық көлік құралдарына арналған жол бойыменбір қатарда қозғалуы тиіс.

«Самокатжүргізушілеріне жаяу жүргіншілер жолымен қозғалуға тыйым салынған. Сондай-ақ,оларға рульді бір қолмен ұстауға, жолаушыларды тасымалдауға, ұзындығы елусантиметрден немесе ені габариттік өлшемнен асатын жүктерді алып жүругеболмайды. Жақын жерде велосипед жолы болса, сол жолдың бойымен жүру керек. Трамвайжолдарында және осы бағытта қозғалу үшін бір жолақтан артық жолдарда солғанемесе бұрылуға тыйым салынған. Сондай-ақ, жол жүру ережесінің 19-бөлімінің1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес түнде және жолдың жарықтандырылуынақарамастан көріну жеткіліксіз болған жағдайда, тоннельдерде мопедтер артқыжәне алдыңғы жарықтарын қосуы тиіс», - деп хабарлайды полиция.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 615-бабы 1-бөлігінесәйкес, жаяу жүргіншілер мен басқа да жол пайдаланушыларының (велосипедтер,мопедтер және оларға теңестірілген көлік құралдарының жүргізушілері) жолережелерін сақтамаса, оларға екі айлықесептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар