«Самұрық-Қазына» қоры геосаяси жағдайға қатысты туындаған барлық санкция талаптарын толық орындайды. Біздің портфельдік компанияларға кеңес беру, шарттарды бақылау және сараптау бойынша маманданған жетекші заң компаниялары тартылды. Аталған компаниялар қорда кез келген санкцияны, оның ішінде қайталама санкцияны болдырмау бойынша жұмыс істейді»,- деді Алмасадам Сәтқалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, жобадан шығу қорға ешқандай шығын әкелмейді.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның серіктестері және акционерлерімен жасалған барлық ағымдық шарттар санкция талабы бұзылған жағдайда қордың жобадан шығуын көздейді. Бастысы, біздің қор және оның портфельдік компаниялары шығынға ұшырамайды», - дейді ол.
Одан бөлек, қор басшысы санкция мәселесіне қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі, АҚШ-тың OFCA (шетелдік активтерді бақылау басқармасы) және шет мемлекеттердің елшілерімен тұрақты байланыста екенін жеткізді.
Айта кетсек, Алмасадам Сәтқалиев «Самұрық - Қазына» қорының халық өмірін жақсартуға бағытталған жобалардың екінші пакетімен таныстырған еді.
Сондай-ақ, брифинг барысында аталған қордың шамамен 10 триллион теңге қарызы бары айтылды.
Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің орташа есеппен қанша жалақы алатыны белгілі болды.