Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Санжар Әділов Аичи–Нагояда өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында ММА-дан қола жүлде иеленді. Ол 65 келіге дейінгі салмақта ММА-дың дәстүрлі стилі бойынша өнер көрсетіп, жүлдегер атанды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Министрліктің хабарлауынша, бұл жүлденің тарихи маңызы ерекше. Өйткені аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша Санжар Әділов Қазақстан құрамасының осы спорт түрінен Азия ойындарында медаль жеңіп алған алғашқы спортшыларының бірі атанды.

XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Айти–Нагояда өтіп жатыр.

ХХ жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінің нәтижесіне сай, Қазақстан құрамасы жалпы есепте төртінші орында келе жатқанын жазған болатынбыз.

Бүгін Ксения Игнатова Азия ойындарында үздік бестіктен көрініп, финалға жолдама алды.