АСТАНА. KAZINFORM — Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті.
Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие болды.
Финалда жұдырықтасқан сегіз боксшының ішінде Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг) және Диас Молжігітов чемпион атанды. Ал Сабыржан Аққалықов (71 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Данияр Рахымбердинов (92 кг), Олжас Боқаев ( 92 кг) күмісті қанағат тұтты.
Аталмыш жарыста Қазақстан намысын 12 боксшы қорғады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сербиядағы халықаралық турнирде 8 қазақстандық боксшының алтын үшін таласатынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).