Құрлықтық дода финалында қос қарсылас шеберлік байқасқан еді. Бұл жөнінде Inside the Games порталы Қазақстан бокс федерациясы аталған жекпе-жекте Санжар Ташкенбайға қатысты төрешілер негізсіз есеп ашты деген пікірді ұстанатынын жеткізді. Осыған байланысты төрешілер шешімі қайта қаралып, Санжар Азия чемпионы атануы мүмкін екенін атап өтті.
Осыған байланысты Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Рауан Игенов төмендегіше түсініктеме берді.
- Кейбір дереккөздерде осындай ақпарат шығып жатыр. Ол шындыққа жанаспайды. Рас, біз төрешілердің Санжарды нокдаунға түсті деген шешіміне келіспейміз, - деді федерацияның атқарушы директоры Kazinform тілшісіне.
Айта кетсек, аталған жекпе-жекте төрешілер Санжар нокдаунға түсті деген ұйғарым жасап, жеңісті Шодийор Меликузиевке берген еді.
Осыған дейін Абылайхан Жүсіповті өзбекстандық қарсыласы Хавасбек Асадуллаев тістеп алуына байланысты жеңіс отандасымызға бұйырған болатын.