Осыған орай, Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі WhatsApp және өзге де әлеуметтік желілер арқылы тараған ақпараттар шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Облыстық әкімдік тарапынан мұндай ақпарат таратылған жоқ. Көші-қон полициясы басқармасы үй аралап тіркеуді тексеру секілді арнайы шаралар өткізілмейтіндігін түсіндірді», деп жазылған баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетерлігі, облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен тіркеу жұмыстарына 40 волонтер тартылған. Олар ХҚКО-та тұрғындарға құжаттарды толтыруға көмектеседі. Одан бөлек, төлемақы қабылдайтын есептік-касса бөлімдерінде отыратын қызметкерлер саны да көбейтілді. Бұл өз кезегінде тіркеуді жылдам жүргізуге септігін тигізіп отыр.
Зада Зейін