Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбеков брифинг кезінде отандық маркетплейстерде аталған кәсіпорын өнімдері еркін сатылып жатқанын өз ұялы телефонындағы қосымша арқылы дәлелдеуге тырысты.
— Шина зауыты іске қосылғаннан бері Саранда 300 мың автомобиль дөңгелегі шығарылды. Оның ішінде биыл 200 мың данасын шығару жоспарланған. Қазір 37 өлшемдегі дөңгелек жасалады. Дөңгелек өлшемдерінің санын 100-ден асыру көзделіп отыр. Біз өндірісті одан әрі кеңейтіп, басқа да сегменттерді қамтуды жоспарлап отырмыз, — деді вице-министр.
Еске салсақ, былтыр күзде Саран қаласы тарихта тұңғыш рет елеулі салық түсімі қалыптаса бастағаны айтылған еді.