Саран қаласы тарихта тұңғыш рет елеулі салық түсімін қалыптастыра бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Саран қаласы моноқала тізімінен шығарылып, тарихта тұңғыш рет елеулі салық түсімін қалыптастыра бастады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.

салық
Фото: Kazinform

«Қарағанды облысындағы индустриялық жаңғырту саласындағы табысты бастама Саран қаласында жүзеге асты. Бүгінде ол Үкіметтің қолдауымен қала экономикасын әртараптандырудың жарқын үлгісіне айналғанын айтқым келеді. Ол моноқала мәртебесінен шығарылып, алғаш рет тарихта айтарлықтай салықтық түсімдер бере бастады. Қазір өнеркәсіп өндірісінің 93,2%-ы өңдеу саласына тиесілі. Бұл ең алдымен Saran индустриалды аймағын дамыту нәтижесінде мүмкін болды. Қазіргі таңда 400 млрд теңге көлемінде 9 жоба іске асырылып жатыр, – деді Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Жүзеге асырылған жобалардың арасында облыс әкімі автобус шығару, автомобиль дөңгелектері мен тұрмыстық техника өндіретін зауыттарды ерекше атап өтті.

«Президенттің тапсырмасы бойынша бұл тәжірибе біздің облысымыздың басқа моноқалаларында – Теміртау, Балқаш, Шахтинск және Абай қалаларында да енгізілуде», – деді әкім.

Айта кетейік, Қарағанды облысында жыл соңына дейін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынады.

Өңір экономикасына жыл басынан бері 680 млрд теңге инвестиция құйылды

Одан бөлек, Қарағанды облысы елдің жұмысшы мамандықтар дайындау орталығына айналмақ.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында 1 мың шақырымнан астам жол жөнделгені хабарланды.

Бұған дейін облыс әкімі Саранда жаңадан салынған жылу қазандығы неге толық жұмыс істемей тұрғанын түсіндірген еді.

 

Соңғы жаңалықтар