Бөлекпаев: Қарағанды облысы елдің жұмысшы мамандықтар дайындау орталығына айналады

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды облысы елдің жұмысшы мамандықтар дайындау орталығына айналмақ. Бұл туралы өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.

Сварщик профессии мамандықтар промышленность өнеркәсіп
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

«Өнеркәсіп, құрылыс индустриясы және энергетика саласында 1000-нан астам кәсіпорын бар, онда екі жүз мыңға жуық жұмысшы мамандық иелері жұмыс істейді. Колледж жүйесі осыған бейімделеді. Оларды дайындықтың 8 басым бағыты бойынша кластерлеу басталды. Сондықтан Қарағанды облысын елдің жұмысшы мамандықтар дайындау орталығына айналдыруды жоспарлап отырмыз», — деді Ермағанбет Бөлекпаев кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту туралы айта келе.

Өңірде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында биыл ауылдық елді мекендерге келген 140 педагог көтерме жәрдемақы алған.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін бес жаңа жайлы мектеп пайдалануға берілмек. Облыста барлығы 10 мектеп салу жоспарлануда.

Айта кетейік, Қарағанды облысында 1 мың шақырымнан астам жол жөнделді.

Сондай-ақ, облыс әкімі Саранда жаңадан салынған жылу қазандығы неге толық жұмыс істемей тұрғанын түсіндірген еді. 

Соңғы жаңалықтар