— Құрылтай сайлауы белгілі бір деңгейде саяси элитаның жаңаруына мүмкіндік берді. Енді жаңа саяси мәдениет қалыптастырылуы керек, — деді ол.
Сарапшының сөзінше, саяси мәдениет аясында депутаттарға төрт талап қойған жөн:
• Біріншісі — кәсібилік. Нақтырақ айтқанда, депутаттардың бейіндік бағыты бойынша терең білімі мен тәжірибесі болуы керек. Не болмаса, сол сала мамандарымен тығыз байланыста жұмыс істеуі шарт;
• Екінші критерий — есеп беріп отыру. Оған сай, депутаттар сайлау алдында берген уәделерін қалай және қаншалықты орындап жатқанын ғана емес, басқа да жұмыстарының атқарылуы барысы жөнінде қоғамды әрдайым хабардар етіп отыруы қажет. Мұндай есеп тоқсанына не жылына бір берілуі мүмкін;
• Үшіншісі — сараптама жасай білу, коммуникация т. б. дағдыларды игеру. Бұл қасиеттер әлемде және елде болып жатқан түрлі оқиғалар мен үдерістерді өзара тоғыстырып, талдап, соның арасынан дұрыс шешім шығаруға көмектеседі;
• Төртіншісі — саяси этика. Бұл моральдық тұрғыдан маңызды. Саяси этика ұғымы амандасқан кездегі әдептен бастап, депутаттық қызмет барысында белгілі бір топтардың мүддесін қорғаудан аулақ болып, бейтараптық ұстаныммен жұмыс істеуге дейінгі көптеген мәселені қамтиды.
Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай депутаттары куәліктерін қашан алатынын жазғанбыз.