Сарапшылар болашақта болуы мүмкін бес қақтығыс туралы ескертті

АСТАНА. KAZINFORM — Америкалық барлау және сарапшылар алдағы бес жылда жергілікті дағдарыстардан жаһандық салдары бар соғыстарға ұласуы мүмкін бірнеше аймақ бар деп болжайды, деп хабарлайды Politico. 

Фото: report.az

Болжам авторлары Үндістан мен Пәкістанды ядролық қақтығыстың негізгі үміткерлері деп санайды. Бұған Кашмир жанжалы және тараптардың осыған ұқсас күшті арсеналдары себеп. Пәкістанның ядролық қарудан пайдаланудағы төменгі шекті доктринасы жағдайды одан сайын үрейлендіреді.

Қытай бір уақытта екі ықтимал қақтығысқа қатысуы мүмкін. Авторлардың пікірінше, Тайвань сценарийі халықаралық жүйе үшін бетбұрыс нүктесі және Американың одақтастарына берген кепілдіктерінің елеулі сынағы болмақ.

Екінші ықтимал қақтығыстың тұтану нүктесі — Қытайдың Үндістанмен шекаралық қақтығысы, ол отаршылдық дәуірден бастау алады және тежеу тетіктерінің жоқтығы мен өзара сенімсіздік салдарынан қауіпті шиеленістерге осал болып қала береді.

Батыс сарапшыларының теориясына НАТО-ны сынайтын және Батыстың қауіпсіздік кепілдіктеріне елеулі қатер төндіретін Балтық елдеріне Ресейдің гипотетикалық шабуылы да кіреді. Солтүстік Кореяда, сарапшылардың пікірінше, Ким Чен Ын режимінің тұрақсыздығы және ядролық қаруға тәуелділік дағдарыс тудыруы мүмкін.

Еске сала кетейік, Таиланд пен Камбоджа арасындағы ұзақ жылдық қақтығыс неліктен қайталануы мүмкін екені жайлы жазған едік.