Сарапшылар мен журналистер Қытай төрағасының Қазақстанға сапарын талқылады

Фото: Фото: Александр Павский/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланысты нығайтуға арналған дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстан, Қытай және Тәжікстан елдерінің БАҚ өкілдері, сондай-ақ саясаттанушылар мен сарапшылар қатысты.

Іле Қазақ автономия аймағының билігі ұйымдастырған шара Қорғас аумағындағы Қытай мәдени орталығында өтті. 

Кездесу барысында қатысушылар сауда-экономикалық ынтымақтастық, туризмді ілгерілету, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы инфрақұрылым жобаларын дамыту, сондай-ақ Си Цзиньпиннің Астанада өткен ШЫҰ саммитіне қатысуын сөз етті. 

Фото: Александр Павский/Kazinform

Сарапшылар мен журналистер Қытай Халық Республикасы төрағасының сапары екіжақты қарым-қатынастың беріктігін және екі ел арасындағы саяси сенімнің жоғары деңгейіне ерекше мән беретінін ерекше атап өтті.

Қазақстандық саясаттанушы Мурад Шамилов өз сөзінде Си Цзиньпин Қытай Халық Республикасының төрағасы қызметіне кіріскен 2013 жылдан бері Қазақстанға бес рет келгенін тілге тиек етті.

«Бұл факт осы жылдар ішінде елдер мен мемлекет басшылары арасында теңдік пен сенімге негізделген жоғары деңгейдегі диалогқа жағдай жасалғанын көрсетеді. Біз Си Цзиньпиннің шетелдік сапарлары туралы хаттаманың қаншалықты мұқият қабылданғанын білеміз. Сонау 2022 жылы Қазақстан пандемиядан кейін барған алғашқы ел болды. Сонымен қатар, Си Цзиньпиннің бір елге жиі баруы сирек кездеседі. ҚХР басшысы сапарларының жиілігі Қазақстанның аспан асты империясының серіктесі ретіндегі ерекше орнын көрсетеді», — деді ол.

Оның айтуынша, Қытай Қазақстанның стратегиялық серіктестері арасында маңызды орын алады.

Әлемдегі ең ірі экономикалардың бірі ретінде Қытай технология жағынан да, инновация жағынан да үлкен қызығушылық тудырады. 

Фото: Александр Павский/Kazinform

Энергетика, өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау саласындағы ынтымақтастық белсенді дамып келеді.

Шағын және орта бизнесте жобалар әзірленіп жатыр, сондай-ақ сауда, кедендік реттеу, көлік, ғылым және қоршаған ортаны қорғау салаларында ынтымақтастық орнаған. 

Қазақстандық журналист-сарапшы Әлібек Бегалинов ШЫҰ-ның аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуде, саяси және экономикалық жүйесі әртүрлі елдерді біріктіруде шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Бұл олардың халықаралық құқық пен өзара құрмет қағидаттарына негізделген проблемаларды шешудің өзара тиімді жолдарын іздеуге кедергі келтірмейді.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Сондай-ақ ол Астанада өткен ШЫҰ саммитіндегі ҚХР-дың рөліне тоқталды.

«Сапар барысында тараптар жақын арада екіжақты тауар айналымын екі есе арттыру, экономика және сауда, инвестиция, өндірістік қуат, энергетика сияқты әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, сондай-ақ негізгі салаларда өсудің жаңа бағыттарын дамыту, пайдалы қазбалар, жаңартылатын энергия көздері, ғылыми-техникалық инновациялар, авиация және ғарыш, цифрлық экономика, сондай-ақ халықтар арасындағы байланысты нығайту жөнінде келісті», — деді спикер.

Тәжікстанның БАҚ өкілі Азамат Әлібековтың сөзінше, Қытай мен Орталық Азияның өзара іс-қимылының бай тарихы бар.

«Бір белдеу, бір жол» сияқты интеграциялық бастаманың арқасында бұл қарым-қатынасқа жаңашылдық енді.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Бұл бастама Орталық Азия елдерінің экономикасы мен халқы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын инфрақұрылымды, сауда және мәдени алыс-берісті дамытуды ынталандырады.

Қазақстандық саясаттанушы Фархад Қасенов Қазақстан ШЫҰ-ға 2023 жылдың шілдесінен бастап төрағалық еткенін атап өтті. 

«Осы жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысынан кейін саммит „ШЫҰ плюс“ форматында өтті. Оған Түркия мен Әзербайжан кіреді. Бұл елдер Қытайдан Еуропаға маңызды көлік дәлізін құрудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Бұл формат ШЫҰ жұмысына қатысуды кеңейтіп қана қоймай, ынтымақтастыққа мүдделі, бірақ толыққанды мүше бола алмайтын елдерге жол ашады», — деді ол.

Еске сала кетейік 2 шілдеде Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. 

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Балалар төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады.

Си Цзиньпин қазақ балаларын Қытайға оқуға шақырды. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин достық рәуіште кездесу өткізді.

Айта кетейік, келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар тұрақты әлеуметтік, экономикалық дамуға, халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға зор септігін тигізіп отырғанын баса айтқан еді.

Фото: Александр Павский/Kazinform