Сарапшы газ бен интернет бағасын салыстырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұнай-газ тақырыбында қалам тербеп жүретін сарапшы Олжас Байділдинов сұйытылған мұнай газының қазіргі бағасын интернет үшін төлейтін тарифпен салыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде сарапшы сұйытылған газдың бағасын Еуропа елдеріндегі бағамен салыстырып, мысал келтірді.

«Қазақстандағы көрсеткіштермен салыстыру үшін халық табысын да салыстыру керек емес пе», - деді сұрады БАҚ өкілдері.

«Кез келген тауардың қолжетімділігі дейтін жалпыәлемдік көрсеткіш бар. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан өте жағымды деңгейде тұр. Мысалы елдегі орташа еңбекақыға Ресей халқына қарағанда көбірек жанармай сатып ала аламыз. Негізі Ресейде бізге қарағанда табыс жоғары деген тарихи түсінік қалыптасқан ғой. Яғни, табыс пен жанармай бағасын салыстыру тезисі аса бір дұрыс бағдар деуге келмейді», - деді маман.

Оның есебінше, қазақстандық отбасылар көлік жанармайына айына 14-15 мың теңге жұмсап отыр.

«Менің журналист әріптестеріме мынаны айта кеткім келеді. Біз қазір газдың бағасы бір литр үшін 20 теңге қымбаттағанын айтып отырмыз. Отбасылық автомобиль айына орта есеппен 1000 шақырым жол жүреді. Жаңаөзенде бәлкім одан да аз шығар. 100 шақырымға 10-12 литр жанармай жағады деп есептесек, бір отбасының жанармайға жұмсайтын айлық шығыны 14-15 мың теңге болады. Орташа еңбекақымен салыстырсақ, сондай үлкен сома емес. Сонда бір литр үшін 15-20 теңге баға қолсылса, айлық шығынға қосымша 2000 теңге қосылды деген сөз. Тіпті интернет үшін бұдан көп ақша төлеп отырмыз ғой», - деді Олжас Байділдинов.

Айта кетейік, жыл басында сұйытылған газ өндірушілер мұнай өнімдерін электронды сауда арқылы сатуға көшті. Электронды саудаға көшу сұраныс пен ұсыныс негізінде сұйытылған мұнай газының бағасын теңдестіруге және жаңа өндіріс орындарын құруға инвестициялар тартуға да мүмкіндік береді.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі сұйытылған газ бағасының қымбаттауы туралы пікір білдірді және жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар Олжас Байділдинов сұйытылған газ бағасының қымбаттауы жөнінде пікір білдірді.


Соңғы жаңалықтар