Ақтөбеде инфекциялық стационарларда 214 адам ем алып жатыр. Оның 27-і – жансақтау бөлімінде. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, COVID-19 диагнозы қойылған 53 баланың екеуі инфекциялық стационарда ем алып жатыр. Сонымен бірге 16 жүкті әйелдің 10-ы дәрігерлер бақылауында. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі 31,8%, ал жансақтау бөліміндегі төсек-орын жүктемесі 29% құрап отыр.
«17 қазаннан бастап Ақтөбе «жасыл» аймақта болды. Бірақ 28 қазанда «сары» аймаққа қайта енді. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес бес күн бойы жағдай өзгермесе, жаңа қаулы шығарылады», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова.