Сарыағашта полиция тауып алған балалар: «Әкемізді іздеп жүрміз»

Фото: None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Сарыағаш ауданында полицейлер адасып қалған балаларды анасына қайтарды. Ата-анасы ажырасқан балалар әкесін сағынғандықтан, сол үйге өздері бармақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПДбаспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 жасар қыз бен 10 жасар ұл бала түнгі сағатүштер шамасында Сарыағаш қаласындағы көшелердің бірінде адасып жүрген. Олардыжергілікті полицейлер байқап қалып, не үшін түнде жүргендерін сұрастырған.Алайда қарны аш, қорқып қалған балалар полицейге дұрыс жауап бермейді.

Осыдан кейінСарыағаш аудандық ПБ Ювеналды полиция тобының инспекторы Мұрат Пернешов тезарада балаларды бөлімге жеткізіп, тамақтандырған. Сондай-ақ, психологтышақырып, балалармен тілдестірген. Мамандардың сауалдарына кәмелет жасынатолмаған ұл мен қыз кешкі сағат 17:00 шамасында үйлерінен шығып, әкелерінебармақ болғанын жеткізген. Олар ата-аналарының ажырасқанын айтып, әкелерінкөруге барғанын айтқан. Жеткіншектердің айтқан мәліметі бойынша олардыңтұрғылықты мекен-жайлары анықталып, анасына табысталды.

Ал, анасы екі баласының жоғалып кеткенін полицияға хабарламаған. Өз кезегінде екі бірдей баласымен қауышқан ана, полицейлерге алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар