НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағандының «Сарыарқа» командасы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеншілер қаласының клубы турнирдің финалдық сериясында Көкшетаудың «Арлан» командасын қапы қалдырды.
Ойындар сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Қарағандылық клуб жетінші кездесуде қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, «Сарыарқа» өзінің тарихында үшінші мәрте ел чемпионы атағын жеңіп алды.
Қарағандылық клуб бұдан бұрын 2009/2010 , 2020/2021 жылдарда чемпион тұғырына көтерілді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан хоккей құрамасының ӘЧ-ге баратын кеңейтілген құрамы жарияланған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.