16 ақпанда Сәтбаев қаласының полиция бөліміне қаладағы пәтерлердің бірінде екі ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оларды өлтіріп кеткен. Тәртіп сақшылары қаза тапқандардың аты-жөнін анықтады.
«Жедел-іздестіру барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта ұсталған к.дікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.