Сәтбаевта өрттен ер адам мен төрт бала құтқарылды

Фото: видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM —  Сәтбаев қаласы, Ерденов көшесінде орналасқан 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт шықты. 

Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел келіп жетті.

Өрт сөндірушілер келген кезде пәтерде жану байқалды. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, барлау жүргізіліп, өртті сөндіру жұмыстары басталды.

Құтқару жұмыстары барысында жанып жатқан пәтерден пәтер иесі құтқарылып, түтіннен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Көрші пәтерден автосатының көмегімен 4 бала құтқарылды.

Айта кетелік Ақтөбеде облыс әкімдігінің ғимараты өртенген еді