Сәтқалиев жылу маусымы туралы: жеке жауапкершілікті сезінеміз

Жылу беру объектілерін қысқа дайындауға республикалық жергілікті бюджеттен 55 млрд-қа жуық ақша бөлінді, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: kegoc.kz

«Жылыту маусымы бойынша Үкімет және жергілікті атқарушы билік органдары ауқымды жұмыс атқарды. Республикалық жергілікті бюджеттен 55 млрд-қа жуық ақша бөлінді. Оның ішінде тек жылу энергетикасы объектілеріне 37,1 млрд теңге. Қарағанды энергия торабы бойынша, иә белгілі бір проблемалар бар. Атап айтқанда, Арселор Миттал Теміртау ЖЭО-2 бойынша. Қазір 4 қазандық, 2 турбина жұмыс істейді. Төртінші қазандық бойынша артта қалушылық бар», - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс отырысында депутаттардың сауалына жауап бере отырып.

Министрдің мәліметінше, Теміртаудағы ЖЭО-2 жұмыстар 30 қарашада аяқталады.

«Жеке жауапкершілікке келетін болсақ, иә, біз жеке жауапкершілікті сезінеміз. Депутаттық корпус алдында да, халық алдында да барлық сұрақтарға жауап беруге дайынбыз», - дейді ол.