Делегациялардың қатысуымен болған ресми келіссөздер барысында екі ел арасындағы тарихи және стратегиялық қарым-қатынастар мен бірлесіп атқарылуы тиіс бірқатар ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша, бин Салман мен премьер-министр Шариф екі елдің қауіпсіздігін нығайту мен өңірде және әлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатында «Бірлескен стратегиялық қорғаныс келісіміне» қол қойды.
Келісім екі ел арасындағы қорғаныс саласы бойынша ынтымақтастықты дамытуға және кез келген шабуылға бірлесіп тойтарыс беруге бағытталған. Келісім талаптары бойынша, екі елдің біреуіне жасалған шабуыл екі мемлекетке де жасалған болып есептеледі.
SPA-ның хабарлауынша, Пәкістан премьер-министрі Шахбез Шариф ел астанасына 17 қыркүйек күні келген.
Пәкістанның Associated Press of Pakistan (APP) ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастыққа және оны дамыту мүмкіндіктеріне арналған кездесу барысында кейінгі кездегі өңірде болып жатқан оқиғалар да талқыланды.
Осыған дейін Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда 2,5 есе өскені туралы хабарладық.