14 қазан күні таңертең WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,79%-ға өсіп, баррелі 94,88 долларға жетті.
Brent маркалы мұнай 0,72%-ға қымбаттап, баррелі 106,45 долларға тең болды.
Ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы да 2,29%-ға өсіп, баррелі 120,94 долларға жетті.
Мұнай бағасының өсуіне энергия ресурстарын жеткізудегі қиындықтар себеп болуы мүмкін. Бұған дейін хуситтер Эр-Рияд пен Хурайс қалаларындағы Saudi Aramco нысандарына баллистикалық зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен соққы беріп, ірі өрттердің шығуына себеп болған еді.