Соңғы апталарда Сауд Арабиясындағы жағдайға байланысты аймақта бірқатар спорттық жарыс пен халықаралық конференция кейінге қалдырылды немесе мүлде тоқтатылды. Бұған Йемендегі хуситтер тобының Сауд Арабиясына жасаған шабуылдары себеп болған.
Азия футбол конфедерациясының хабарлауынша, құрлық біріншілігі бастапқыда келесі жылдың 7 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында өтуі керек еді. Енді турнирдің 2027 жылы 23 желтоқсанда басталып, 2028 жылдың 21 қаңтарда аяқталуы жоспарланған.
— Азия кубогін ұйымдастыру комитеті аймақта болып жатқан оқиғаларға байланысты қалыптасқан айрықша жағдайды ескере отырып, ұлттық құрамалар арасындағы басты турнирді кейінге шегеру туралы шешімді мақұлдады, — делінген конфедерация мәлімдемесінде.
Сондай-ақ хабарламада жарысты ұйымдастыруға қатысты елеулі логистикалық және көлік мәселелері туындағаны айтылған. Турнирдің жаңа мерзімі бекіту үшін Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) ұсынылады.
Бұған дейін Сауд Арабиясы биыл қазан айының соңғы аптасында өтуі тиіс болған ірі инвестициялық форумды 2027 жылға шегерген болатын.
Айта кетейік, 2028 жылғы УЕФА Суперкубогі Астанада өтеді.