«Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) талапкердің оқу жетістіктері мен әлеуметтік жағдайын ескеретін көрсеткіштер бойынша жетілдіріледі. Аталған тәсіл грант бағасы жүйесіне (30-дан 100%-ға дейін) дифференциация енгізуде де қолданылатын болады. Білім алушыларға жеңілдетілген 2-3 пайыздық несие алу мүмкіндіктері де жоспарланып отыр», - деді С. Нұрбек.
Оның айтуынша, тығыз қоныстанған және жаңадан құрылған (Абай, Ұлытау, Жетісу) облыстардың талапкерлеріне грант бөлу жалғасады.
«Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін университеттермен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі жетілдірілетін болады», - деді министр.
Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы бекітілді.