Айта кетейік, бұған дейін президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев сайлауалды үгіт-насихат жұмысын Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылынан бастағанын жазған едік.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның хабарлауынша, Алматыдағы сауда ойын-сауық орталықтарында ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаевты қолдау жөніндегі Республикалық сайлауалды штаб белсенділері үгіт-насихат материалдарын таратты.
Еске салайық, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.
Орталық сайлау комиссиясы алты адамды президенттіктен үміткер ретінде тіркеді. Олар – Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, «Заманауи қоғамды зерттеу институты» ЖШС директоры Мейрам Қажыкен, «Қазақстан фермерлер одағы» қауымдастығының президенті Жигули Дайрабаев, Астана қаласы мәслихатының VI шақырылымының депутаты, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Қарақат Әбден, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының негізін қалаушы Салтанат Тұрсынбекова, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев.