Сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ - М.Демеуов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кезектен тыс ҚР президенті сайлау барысында заңнаманың бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов айтты.

«Сайлау науқаны қалыпты жағдайда өтуде. Сайлау заңнамасын бұзу фактілері орын алған жоқ. Заңға сәйкес, 26 сәуір құқық қорғау органдары үшін жұмыс күні. Себебі, ішкі істер органдары қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты», - деді ол.

Бірінші вице-министрдің атап өтуінше, құқық қорғау органдары сайлау учаскелерінде заңға қайшы әрекеттер болдырмау мақсатында бірқатар шараларды атқарған.

«22-28 сәуір аралығында Ішкі істер органдары арнайы кестеге сай жұмыс істейді. Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан, күш-қуат құрылымдары есепке алынды. Жеке құрамында орналастыру бойынша нақты жоспар жасалды. Ішкі істер министрлігі мен Ішкі істер департаментіндегі күш-қуат құрылымдарын үйлестіру үшін арнайы штабтар құрылды», - деді ол.

М.Демеуовтің атап өтуінше, мұнан бөлек, жергілікті атқарушы органдармен, аумақтық сайлау комиссияларымен ортақ шаралар қолға алынған.

«Сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздік талаптары мен құжаттарды сақтау жағдайын тексердік. Қалалық, аудандық органдарда екі-үш мобильдік жедел тергеу топтары құрылып, құрамына прокуратура қызметкерлері де тартылды. Бүгін барлық аймақта қосымша күштер тарту арқылы патрульдік жасақтардың саны артты. Олардың бір бөлігін сайлау учаскелеріне бекіттік. Біз бюллетендер әкелген сәттен бастап, жеке күзетке алып, учаскелердің қауіпісіздігін қамтамасыз етіп отырмыз», - деді бірінші вице-министр.