Щучинскіде полицияның фронт-кеңсесі ашылды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Щучинск қаласында ХҚО қағидасы бойынша жұмыс істейтін полицияның фронт-кеңсесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, фронт-кеңсе тұрғындармен жұмысістеуде жаңа форматты енгізу азаматтардың құқық қорғау органдарына дегенсенімін нығайтып, өтініш қабылдау кезінде әкімшілік кедергілерді жоюға мүміндікбереді.

«Фронт-кеңсенің қабылдау бөлмесінде алдын ала бекітілген кесте бойынша прокурор жәнеполиция қызметкері азаматтардың өтініш-арыздарын қабылдайды», - дейдіведомстводан.

Бұл – Щучинск – Бурабай курортты аймағында ашылып отырғаналғашқы фронт-кеңсе. Мұнда тұрғындарды қабылдау үшін барлық жағдай жасалған.Нысанда азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдайтын арнайы бөлмелер мен арнайытөлем жасай терминалдар да бар. Тегін Wi-Fi интернет желісі, «Адалдық дүкені»жұмыс істейді. Алдағы уақытта облыстың басқа қалалары мен аудандарында даазаматтарға арналған осындай фронт-кеңсе ашу жоспарда бар.

Ауданға жұмыс сапарымен барған Ақмола облыстық полициядепартаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Берік Биляловфронт-кеңсенің жұмысымен танысты. Ақмолаоблыстық полиция департаментінің жеке құрамымен мәжіліс өткізді және жекемәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады.

Соңғы жаңалықтар