Семей автобустарында маска режимі сақтала ма

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде қоғамдық көліктердегі маскалық режимнің сақталуын тексеру мақсатында рейд өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

«Әкімдік пен полиция басқармасының өкілдерінен құралған мониторингтік топтар қоғамдық орындарда карантин шектеулерінің сақталуын тексеруді жалғастыруда. 30 қаңтарда Семей қаласында қоғамдық көліктердегі маска кию режимінің сақталуы бойынша рейд өткізілді», - делінген хабарламада.

Мониторингтік топтардың жұмысы барысында 39 автобус тексеріліп, 63 құқықбұзушылық анықталған.

«Азаматтар мен кәсіпкерлік нысан иелеріне карантиндік режим жалғасатынын және бас санитарлық дәрігердің қаулысындағы талаптарды сақтау керектігін ескертеміз. Тәртіп бұзушылар заңға сәйкес жауап береді», -делінген мәліметте.