Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге 536 адам, 126 жерүсті техникасы және 5 тікұшақ жұмылдырылды.
Әуе техникасының көмегімен жалпы 96 рет су төгу жұмыстары жүргізіліп, өрт ошағына 114 тонна су төгілді. Қосымша күштер мен техникалар өрт орнына бағытталуда.
Өрт қарағайлы орман алқабында тіркелген, кей жерде төменгі өрт жоғары өртке ұласып жатыр.
Жағдай Премьер-министрдің жеке қадағалауында. Жауапты мемлекеттік органдардың басшылары сағат сайын жедел ақпаратты баяндауда және қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетелік Семей орманындағы өрт 60 гектар аумақты шарпыды. Сонымен қатар «Семей орманы» резерватында өрт шыққан соң лагерьдегі 200-ге жуық бала эвакуацияланды. Премьер-министрдің тапсырмасымен екі министр «Семей орманына» аттанды.