СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қалалық полиция басқармасының бастығы өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Семей қалалық полиция басқармасының бастығы Мақсат Зекенов отбасылық жағдайына байланысты өз еркімен жұмыстан шықты», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, осыған дейін облыстық ПД Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ Ішкі қауіпсіздік департаментімен бірлесіп Семей қалалық полиция басқармасының бастығына қатысты жазылған арыз бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде заңсыз әрекеттер анықталмаған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.