Семей тұрғынынан Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары тәркіленді
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады.
Фото: ҚР ҰҚК
Бұл туралы Kazinform ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ҚР ҰҚК
Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр. 4 алтын әшекей тәркіленді.
Фото: ҚР ҰҚК
Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптама тағайындалды.
Фото: ҚР ҰҚК
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.