СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында алаяқ жалған кәсіпке ақша инвестициялауды ұсынып талайды тұзаққа түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған 25 жастағы қала тұрғынын ұстады.
«Күдікті халықты әңгімеге тартып, жалған кәсіпке ақша құюды ұсынған. Айласын асырған ол 40 миллион теңгеден астам пайда көрді», - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Сот үкімімен айыпталушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Осы ретте, облыстық Полиция департаменті өңір тұрғындарын алаяқтардың құрбаны болмас үшін барынша мұқият болуға, күмәнді келіссөздерден аулақ болуға шақырады.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.