ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ақпан айының басында «102» жедел арнасына қоңырау шалған 51 жастағы ер адам қала көшелерінің қиылысында келе жатқанда белгісіз біреудің өзін ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алғанын айтқан. Осының салдарынан оған 800 мың теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Бородулиха ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр», - деп хабарлады ведомоство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.