СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғынына бөтеннің көлігін 3 900 000 теңгеге сатып жіберген елордалық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан ер адам алаяқтың арбауына іліккенін жеткізді.
«Анықталғандай, жәбірленуші бейтаныс біреуден 3 900 000 теңгеге Toyota маркалы автокөлікті сатып алған. Алайда көлік мүлде басқа адамның атында болып шықты. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.