Семейде автожуу бекетіндегі өрт салдарынан екі адамды күйік шалды

АСТАНА. KAZINFORM — Семей қаласы Сосновая көшесінде газ-ауа қоспасы тұтанып, кейін газ тасымалдағыш көлік жарылған, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Фото: ТЖМ

Ведомство мәліметінше, өрт бір қабатты автожуу ғимаратына және екі жеке тұрғын үйге тараған. Оқиға салдарынан екі адам күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Фото: ТЖМ

— Өртті сөндіруге ТЖМ, ПД, жедел медициналық жәрдем қызметі «Зеленострой» ЖШС-нің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы 90-ға жуық адам және 30 техника жұмылдырылды. Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Фото: ТЖМ

Бұдан бұрын Семейде автожуу бекеті өртеніп, газгольдер жарылғанын жазғанбыз.