СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының полиция қызметкерлері аязда үсіп қала жаздаған 20-дан астам адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше 30 градус аязда көшеде қалған 21 адам Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Мас күйде болған олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнген.
Осы орайда, полицейлер қала тұрғындарына өтініш жасап отыр.
«Егер сіз көшеде мас күйде жалғыз жатқан адамды, қасында ересек ешкім жоқ баланы немесе көмекке мұқтаж қарттарды байқасаңыз «103», «112», «102» нөмірлерінің біріне қоңырау шалыңыз. Біз дереу оларға көмек көрсетеміз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.