Семейде екі адамды қағып, біреуін мерт қылған жүргізуші ұсталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында 43 жастағы семейлікті ұстады. Ер адам Toyota Land Cruiser Prado көлігімен екі адам қаққанын және қорқып оқиға орнынан кетіп қалғанын мойындады.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған», - дейді ШҚО ПД бастағы Сағат Мадиев.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде екі адамды қағып кеткен көлік жүргізушісінің іздестіріліп жатқаны хабарланған.