СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында екі көлік соқтығысып, 3 адам оның ішінде 1 бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты бүгін Разин мен Өскемен көшелерінің қиылысында болған.
«Таңғы сағат 08.00 шамасында Subaru мен Volkswagen Passat көліктері соқтығысты. Жол апатының салдарынан 3 адам зардап шеккен. Екі әйел мен бала бірден медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталуда.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда биыл жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 23 баланы көлік қаққандығын хабарлаған болатынбыз.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.