Семинар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған. Мұндағы мақсат – кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық белсенділігін арттыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттаудың жаңа әдіс-тәсілдерін айқындау.
«Шара барысында еліміздің мәдени және қасиетті жерлерін зерттеуге бағытталған «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы туралы сөз қозғалды. Осының арқасында еліміздің киелі жерлерімен кеңірек танысуға мүмкіндік алдық», - дейді кітапхана әдіскері Меруерт Жүкенова.
Қатысушылар Оңтүстік Қазақстанның 7 кереметі туралы біліп, кітапханалық квилт жасау әдісімен, сонымен бірге мультимедиялық «Қызғалдақ туралы аңыздар» атты бейне-шолумен танысыты. Сондай-ақ, «Киелі жерлерге саяхат» атты тарихи баттл сайысында бақ сынауға мүмкіндік алды. Бұдан бөлек, орталық кітапхана мамандары арасында «Үздік библиогид» сайысы өтті.