Полиция қызметкерлері Асхат Шаяхметов пен Нұрсұлтан Қуанышбаев қаланың орталық бөлігін патрульдеу кезінде үй қабырғасына сүйеніп тұрған ер адамды байқайды. Жағдайын сұраған сәтте азамат жүрегінің қатты ауырғанын айтып, есінен тана бастаған.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, тәртіп сақшылары бірден жедел жәрдем шақырып, ер адамды қауіпсіз қалыпқа жатқызып, дәрігерлер жеткенше есін жоғалтпауға көмектескен.
— Тыныс ал… ең бастысы — тыныс ал, - деп қайталап отырған полицейлердің бірі ер адамның жанынан бір сәтке де кеткен жоқ.
Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел жәрдем келіп, полицейлер медицина қызметкерлеріне науқасты көлікке кіргізуге көмектесті.
— Біз тек керек уақытта, керек жерде болдық, - дейді инспекторлар.
Айта кетейік, Ұлытау облысында құтқарушылар ер адамды өрттен құтқарып, жарылыстың алдын алды.