Семейде той кортежінің жүргізушілері іздестіріліп жатыр

Фото: None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде той кортежінде жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушілер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

7 сәуір күні әлеуметтік желіде той кортежі жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзғандығы түсірілген бейнеролик жарияланды. Қазіргі уақытта полиция осы оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Жүргізушілер аспалы көпір үстінде жолдың қарсы бағытына шығып, артпен жүйткіп жұрттың зәресін алған. Қазір аталған жайтқа қатысы бар жүргізушілердің жеке тұлғасы анықталып жатыр.

«Көлік жүргізушілері жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Олар жол жүру ережесін бірнеше бап бойынша өрескел бұзған. Яғни, қарсы бағытқа шығу, жол апатының орын алуына себепкер болғаны үшін», - деп мәлім етті Семей қалалық ІІБ-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі. 

Соңғы жаңалықтар