112 пультіне ер адамның көпірден құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар тез арада оқиға орнына шықты.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықтың көмегімен зардап шегушіні іздестіре бастады. Көп ұзамай оны көпірдің жанындағы аралдан тапты.
«Алғашқы көмек көрсетіліп, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Семей орманындағы» өртеніп кеткен ағаштар сатылып жатыр.