Аймақ басшысы Семей қаласының жылумен жабдықтау нысандарын аралап, жылу желілерінің жай-күйін және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Атап айтқанда, П-1-ден П-4-ке дейінгі магистральдық желіні, Селевин көшесіндегі жылу желісін, ЦТП-401 жылу желісін, ЖЭО-1-ден П-1-ге дейінгі магистральдық учаскелеріне барды.
«Жылыту маусымы жақындап келеді, жұмыс қарқынын арттыру қажет. Жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталуы үшін әрқайсыңызға жеке жауапкершілік жүктелгенін тағы да еске саламын. Халық уақытында жылумен қамтамасыз етілуі тиіс», - деді Нұрлан Ұранхаев.
Сондай-ақ ол тиісті бөлімдерге жергілікті жерлердегі жұмыстардың барысын үнемі тексеріп отыруды тапсырды. Жылыту маусымына дайындық облыс әкімінің жеке бақылауында.
Еске салсақ, осыға дейін Семейде жылу құбырларының 68 пайызы тозғаны хабарланған еді.