Семейдегі ескі көпір апатты жағдайда тұр: қозғалысқа шектеу қойылды

Фото: Видеодан скрин

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семейдегі ескі көпірдің апатты жағдайда тұрғаны анықталды. Бұл туралы Абай облысы Полиция департаменті хабарлады. 

Сараптамалық тексеру нәтижесінде көпірдің аса жоғары жүктемеге ұшырап, апатты жағдайда тұрғаны анықталды.

— Қауіпсіздік — біздің басты басымдығымыз. Осыған байланысты көпірдің тұтастығы мен адамдардың өмірін сақтау мақсатында маңызды шаралар қабылданды, — деді Семей қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Қайрат Әбдіғалиев.

Енді көлік қозғалысы төрт жолақтың орнына екі жолақпен жүзеге асырылады. Бұл шара көлік ағынын тең бөлуге және құрылымға түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.

Айта кетелік Семейдегі аспалы көпірге зақым келгені туралы хабарлаған едік