Семейдегі жер сілкінісінен кейін қираулар тіркелген жоқ – ТЖМ

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семейде жер сілкінісі тіркелгеннен кейін ТЖМ «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналарына, гидротехникалық құрылыстарға, көшкін және сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізді.

Фото: abaidan.kz

Ведомствоның мәліметінше, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мүмкін болатын зақымдарды анықтау мақсатында тексерілген.

«Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді.