Семейдегі жылумен қамту жүйесі қалпына келтірілді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жылу жүйесіндегі ақау жойылып, үйлерге жылу тұрақты беріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Энергетик» шағын ауданының жылу жүйесіндегі ақау жойылды.

«Қазіргі уақытта №5 қазандық қайтадан іске қосылды. Үйлерге жылу тұрақты беріліп жатыр», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Семейде жылу жүйесінен ақау шығып, желідегі температура төмендегенін хабарлаған едік. Жауапты мекеме мамандары бірден ақау орнына барып, жөндеу жұмыстарын қолға алған.